Дүйсенбі, 27 Наурыз, 2023

Сенсация: технология әлеміне ChatGPT-4 келді

2022 жылдың қараша айынан бастап әлем ChatGPT деп аталатын чат-ботпен танысты. Енді міне, OpenAI өзінің «мұрагері» деп атап отырған ChatGPT-4 соңғы нұсқасын ұсынды.

Жаңа нұсқа сенсация алып келді. Себебі, бұрынғы нұсқада ән жазуға, өлең құрауға, хат жаздыруға, кез келген ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік туған болса, ChatGPT-4 жүктеген суреттегі заттарға түсініктеме бере алады. Мысалы, белгілі бір дайын тамақтың суретін жүктесеңіз, чат-бот сізге сол тамақтың қоспаларын, құрамын автоматты түрде өзі ұсынады.

 Бұрынғы нұсқаға қарағанда бұл чат-бот 25 000 сөзге дейін мәтін дайындайды. Бұл ескі нұсқадан 8 есеге көп.

 OpenAI GPT-4 қауіпсіздігі үшін алты ай жұмсағанын және оларға адамдардың пікірлерін үйреткенін айтты. Алайда ол әлі де жалған ақпарат таратуға бейім болуы мүмкін екенін ескертті.

Сенсация: технология әлеміне ChatGPT-4 келді

ChatGPT-4 айына 20 АҚШ долларын төлеп отырған, ChatGPT Plus бөлімін пайдаланушыларға қолжетімді болады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button