Жаңалықтар

Енді студенттер SMS арқылы әскерге бару мерзімін өзгерте алады

ашық дереккөзі

Енді студенттер SMS арқылы әскерге бару мерзімін өзгерте алады

Колледж студенттері SMS хабарлама арқылы әскери борышын өтеу мерзімін кейінге жылжыта алады. Бұл туралы Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті хабарлады деп жазды turkystan.kz. «ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау нәтижесінде 2023 жылдың наурыз айынан бастап колледж студенттеріне проактивті форматта SMS жолданады. Күндізгі оқу нысанындағы колледж студенттеріне әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру оқу аяқталғанға дейін беріледі. Ол Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық жалпы білім беру деректер базасынан расталады және соның негізінде SMS арқылы кейінге қалдыру немесе әскерден босату рұқсаты беріледі», – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Азат Тиштыбаев. Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан колледждерінде әскерге шақыру жасындағы 118 мыңға жуық студент білім алады.