Жасөспірімдер соққыға жыққан 49 жастағы тұрғын мүгедек болып қалуы мүмкін
Жасөспірімдер соққыға жыққан 49 жастағы тұрғын мүгедек болып қалуы мүмкін
Есік қаласының дәрігерлері жасөспірімдер аяусыз соққыға жыққан Таутүрген ауылының 49 жастағы тұрғынының қазіргі жағдайы туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Мамандардың сөзінше, жәбірленуші мүгедек болып қалуы мүмкін. Ол ауыр бас жарақатын алған, сонымен қатар 12 қабырғасы сынып, жүрегі, бүйрегі мен өкпесіне зақым келген. Қазір ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.
"Жағдайы аса ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланды. Науқаста жарақаттан кейін пневмония дамығандықтан, өкпесі жасанды желдету аппаратына қосылған. Кеудесінде өкпеқап қуысы құрғатылды, дренаж орнатылды, антибактериалды терапия жүргізіліп жатыр", - деді Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы аудандық ауруханасы директорының орынбасары Диана Сүлейменова.
Ер адам есін жиған, бірақ тыныс алуы қиындағандықтан, сөйлей алмайды. Дәрігерлер оның кем дегенде екі апта ауруханада болатынын айтады.