Тұрғын үйден өрт шығып, екі жасар бала мерт болды

Тұрғын үйден өрт шығып, екі жасар бала мерт болды

Тұрғын үйден өрт шығып, екі жасар бала мерт болды
ашық дереккөзі
Қарағанды облысында жеке тұрғын үйден өрт шығып, күйік шалған екі жасар бала ауруханада көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. Мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 13 наурызда Осакаров ауданы Ақбұлақ ауылында болған.
«Екі пәтерлі тұрғын үйдің ағаш шатыры, төбесі, терезесі, есік блоктары, сондай-ақ тұрмыстық заттар мен жиһаздар өртеніп, өрт жалпы алаңы 100 шаршы метр аумаққа тараған. Өрт орнынан көміртегі тотығымен улану белгілері бар 2020 жылы туған бала ауруханаға жеткізілді. Ол Молодежный кентінің ауруханасында қайтыс болды. Болжам бойынша, өрттің шығу себебі – отқа абайсыз қарау (балалық)», - деп атап өтті ТЖД өкілдері.
Сондай-ақ Ақтоғай ауданы Тораңғылық ауылында тұрғын үйге іргелес жатқан шаруашылық ғимаратының ағаш конструкциясы мен ағаш төбесі өртеніп, өрт жалпы алаңы 20 шаршы метрге тараған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Болжам бойынша өрттің шығу себебі – электр тоғының қысқа тұйықталуы. Ал Теміртау қаласында 6-ықшамаудандағы бес қабатты тұрғын үйдің 3-қабатында орналасқан пәтерде газ-ауа қоспасы тұтанып, өрт шыққан. Жалынның жалпы ауданы 6 шаршы метрге жеткен. Пәтерде болған 6 адам (оның 4-і бала) күйік алған және әртүрлі дәрежедегі көмірқышқыл газымен уланған. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Оқиға салдарынан пәтераралық қабырға, пәтердің кіреберіс есігі және кіреберістің терезе блоктары зақымданған. Жарылыстың болжам бойынша шығу себебі – газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы. Айта кетейік, Қарағанды облысы бөлімшелері 14 рет құтқару жұмыстарына, оның ішінде өртке және жану жағдайларына – 7 рет, авариялық-құтқару жұмыстарына – 6 рет шықты, онда 7 адам құтқарылды, оның 4-і – бала.