Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Анкараға барады

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Анкараға барады

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Анкараға барады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барады деп хабарлады turkystan.kz.
«Іс-шара барысында Ұйымның апат пен төтенше жағдайлар менеджменті және гуманитарлық көмек саласындағы қызметінің басым бағыттары, соның ішінде табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастықты үйлестіруге және нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады» деп жазды Ақорданың ресми сайты.
Сапар барысында Мемлекет басшысы Түркия Президентімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.