Жаңалықтар

Бірінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды

ашық дереккөзі

Бірінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды

Ақмола облысының орталығында бастауыш сынып оқушылары бүгін үйден білім алады деп хабарлады turkystan.kz қалалық білім бөліміне сілтеме жасап. Білім мекемесі таратқан мәліметке сенсек, бүгін, 15 наурыз күні бірінші ауысымда оқитын1-4 сынып оқушыларының сабағы қашықтан оқыту форматына көшіріледі. Оған қалың қар, жел секілді қолайсыз ауа райы себеп болып отыр.