Оралда су басу қаупіне байланысты ауыл тұрғындары көшірілді (ВИДЕО)

Оралда су басу қаупіне байланысты ауыл тұрғындары көшірілді (ВИДЕО)

Оралда су басу қаупіне байланысты ауыл тұрғындары көшірілді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Оралда су басу қаупіне байланысты Маштаков ауылынан тұрғындар көшірілді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 14 наурыз күні сағат 20.00-де Маштаков ауылына кіреберісте жергілікті маңызы бар топырақты жолды су шайып кетті. «Соның салдарынан Маштаков ауылына қауіп төнді. 70-80 тұрғын өз еріктерімен жақын-жуықтарына орналасты. Қалғандары Деркөл кентіндегі мәдениет үйіне эвакуацияланды. Халықты көшіру үшін «Уралавтотранс» ЖШС автопаркінен бір автобус шығарылды. Сондай-ақ ТЖ күштерінен 76 адам, 9 техника, жергілікті атқарушы органнан 3 автобус, экскаватор, 3 «КамАЗ», Орал қаласы Полиция басқармасынан 6 техника, 15 адам жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомстводан.