Абай облысында 7 басшы сыбайлас жемқорлығы үшін жауапқа тартылды

Абай облысында 7 басшы сыбайлас жемқорлығы үшін жауапқа тартылды

Абай облысында 7 басшы сыбайлас жемқорлығы үшін жауапқа тартылды
ашық дереккөзі
Абай облысында құқық қорғау органдары қызметкерінің сыбайлас жемқорлығы үшін 7 басшы жауапқа тартылды деп хабарлады turkystan.kz. Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері жергілікті полиция департаментінің басшылығымен және ұжымымен кездесу өткізді. Онда құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу маңыздылығы жайлы сөз етілді. «Мәселен, Семей қалалық Полиция басқармасы тәртіп сақшысының пара алу фактісі анықталды. Енгізілген ұсынымның қорытындысы бойынша кінәлі лауазымды тұлға мен оның басшылығы теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Жалпы, бір жылда өңір бойынша құқық қорғау органдарында бағынысты қызметкерінің сыбайлас жемқорлығы үшін 7 басшы жауапқа тартылған», - деп хабарлады ведомстводан. Кездесу барысында Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Данияр Ақуан қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін және ұжымда жемқорлықтың алдын алу шараларын қолданбағаны үшін басшылардың арнайы жауапкершілігін еске салып, тек заң шеңберінде жұмыс істеу қажеттігін айтты. Сондай-ақ Абай облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.