Су тасқыны: Ақтөбе облысында төтенше жағдай жарияланды

Су тасқыны: Ақтөбе облысында төтенше жағдай жарияланды

Су тасқыны: Ақтөбе облысында төтенше жағдай жарияланды
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысының Қобда ауылында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды деп хабарлады turkystan.kz әкімдікке сілтеме жасап. Жергілікті деңгейдегі ТЖ Қобда ауданының әкімі Болат Құловтың шешімімен бекітілді. Айта кетсек, 13 наурызда Қобда ауданында қардың қарқынды еруі және далалықта еріген қар суы салдарынан Қобда ауылында 15 үй, 28 аула аумағы, денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимараты, бір кафе су астында қалды. Тұрғындар қауіпсіз жерге - эвакуациялық пунктке көшірілді. Қазіргі уақытта үйлердің аулаларын аралау жүргізілуде, қапшықтарды төсеу бойынша шаралар қабылдануда. 6 мың м3 астам еріген қар суы сорылды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға 35 техника, 123 адам жұмылдырылды. Сонымен қатар бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қобда ауданындағы тұрғындармен кездесіп, комиссия құрылғанын айтты.