Бүгін Түркияда екінші рет жер сілкінді

Бүгін Түркияда екінші рет жер сілкінді

Бүгін Түркияда екінші рет жер сілкінді
ашық дереккөзі
Түркияда тағы да 4,9 балдық жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады turkystan.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. Жер сілкінісінің ошағы Кахраманмараш аймағынан солтүстік-шығысқа қарай 100 шақырым жерде болған. Тереңдігі 5 км. Жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Айта кетсек, бұл - Түркияның Кахраманмараш провинциясында бүгін болған екінші жер сілкінісі. Бұған дейін аталған провинцияда қуаты 4,7 магнитудасымен жер сілкінісі тіркелген еді.