Бүгін Түркияда екінші рет жер сілкінді
Түркияда тағы да 4,9 балдық жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады turkystan.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің ошағы Кахраманмараш аймағынан солтүстік-шығысқа қарай 100 шақырым жерде болған. Тереңдігі 5 км. Жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Айта кетсек, бұл - Түркияның Кахраманмараш провинциясында бүгін болған екінші жер сілкінісі. Бұған дейін аталған провинцияда қуаты 4,7 магнитудасымен жер сілкінісі тіркелген еді.