Жаңалықтар

Үміткерлер «ҚазАзот» ұжымымен кездесті

ашық дереккөзі

Үміткерлер «ҚазАзот» ұжымымен кездесті

Бүгін Республикалық сайлауалды штабының мүшесі Ардан Сұлтанұлымен бірге облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Тимур Әбдікәрімов, Нұрбол Оқуов, Жанболат Тангиев, Дмитрий Донских, Анар Шамшадинова және қалалық мәслихат депутаттығына бірмандатты үміткер Айда Ертілеуова «ҚазАзот» АҚ ұжымымен кездесті.

Еркін форматта өткізілген жиында партияныңсайлауалды бағдарламасы жан-жақты талқыланды. Бағдарлама аясянда халықтың өмір сүру жағдайынжақсарту,жаңа жұмыс көздерін ашу, өндірістікорындардағы қызметкерлердің қауіпсіздігін арттырумен жастардың әлеуметтік санатын қолдауғажұмыстанатындарын айтты.

Кездесуге қатысушылар кандидаттарға жылы лебіздерін айтты.

Аталған өндірістік ұжымда 1300-ге жуық жұмысшы еңбек етеді. Мекеме елімізде азотты минералды тыңайтқыштардың 90%-ын өндіретін ірі кәсіпорынболып саналады. Айта кету керек, еліміздің индустрияландыру бағдарламасы мен отандық тауарларды сыртқы нарыққа шығару бағытындағыүлесі зор мекеме.

Тапсырыс беруші: Н.Қарасаев.

Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.