Кандидаттар Түгіскен ауылында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Кандидаттар Түгіскен ауылында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Кандидаттар Түгіскен ауылында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясының Ұлытау облыстық филиалынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына, Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың келесі аялдамасы Түгіскен ауылы болды. Кандидаттар ауылдың Мәдениет үйінде тұрғындарменкелелі кездесу өткізіп, ел аманатын арқалаған «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгібағыттарына қысқаша тоқталып, нақтырақ түсіндіріп, үгіт-насихат шараларын жасады.  width= Қызылжар кентінің тұрғындарымен кездескен топ Түгіскенде де сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін жинақтап, сауалдарына толыққанды жауап берді. Ауыл тұрғындарын титықтатқан мәселелер шоғыры бұл жерде де аз болмай шықты. Бірсыпырасына тоқтала кетсек: оқушылардың мектепке пойыз жолы арқылы өтетіндігі, балаларына алаңдамай отыруы үшін бір шешімін табу; жылқыларын пойыз қағып кетіп, мерт етсе де, өздерінің ірі көлемде айыппұл төлейтіндіктері, осы бағытта жаңа қолайлы заң шығуын қарастыру; ескірген спорт кешенінің орнына жаңасын салу, себебі жарыстарға қатысам дейтін спортшыларға ешбір жағдай қарастырылмаған; спорт кешеніне көлік алу, т.б. Кездесу соңында, сөз кезегін алған кандидаттар: «AMANAT» партиясы «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын ұсынды.
Ол – қоғамдағы мәселелерді шешудің нақты жолы. Өткен жылы партия ауыл-аймақта, өңірлерде мыңдаған кездесу өткізіп, тұрғындардан 200 мыңнан астам ұсыныс-талаптар жинаған екен. Сол ұсыныстарды мұқият зерттеп, сайлауалды бағдарламаға енгізді, яғни сіздердің ұсыныстарыңыз да елеусіз қалмайды. Мәселелерді тиімді шешудің жолдарын білеміз, алдағы уақытта мандат бұйырып жатса, жұмыстарға кірісуге мүмкіндік берілсе, еш аянбай ат салысамыз, - деді үміткер.