Семейліктер «Ақ жолдың» ұсыныстарына сенім білдірді
Семейліктер «Ақ жолдың» ұсыныстарына сенім білдірді
«Ақ жол» демпартиясы Республикалық штабының мүшелері Берік Дүйсембинов, Дмитрий Васильев, Абай облысы филиалының төрағасы Ержан Тілеужанов және Мәжіліс пен жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар «Қазполиграф» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізуде.
Партия төрағасының орынбасары Берік Дүйсембинов партия саяси бағдарламасының алты басым бағытын атады: Тәуелсіздік пен «Алаш» ұлттық идеясы, демократия мен парламентаризм, сыбайлас жемқорлық және де-офшоризациямен күрес, әлеуметтік әділеттілік, нарықтық экономика және кәсіпкерлікті қолдау, сыртқы саясат. Ол сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты мәселеге егжей-тегжейлі тоқталып, «Ақ жол» демократиялық партиясы қылмыстық-атқару жүйесінде жазасын өтеп жатқан жемқор шенеуніктерді шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға заң жүзінде тыйым салу қажет деп санайтынын айтты.
«Ақ жол» депутаттары 2019 жылдан бері бұл ұсынысты бірнеше рет енгізді, 2020 жылы мұндай норма Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, бірақ ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қатысты ғана қабылданды. Бұл жеткіліксіз деп есептейміз және барлық жемқор шенеуніктерді шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салуды талап етеміз.
Сонымен қатар әділ сайлау мәселесі көтерілді. «Ақжолдықтар» мұғалімдерді бөгде жұмысқа тартуға тыйым салу, мұғалімдердің сайлау комиссияларына қатысуын шектеу, ҚҚС-тың сараланған мөлшерлемелерін енгізу, инфляциямен күрес, ипотекалық несиенің жоғары пайыздық мөлшерлемесі туралы айтты.
Кандидаттар «Ақ жол» демократиялық партиясы үкімет құрамын мемлекет басшысы емес, парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия жасақтап, оны президенттің бекітуіне ұсынып, сол үкіметтің жетістіктері мен сәтсіздіктеріне жауапты болуы керек деп санайтынын еске салды.
Жиналғандар зейнет жасын төмендету, әлеуметтік баспанаға қатысты сұрақтар қойды. Сондай-ақ Үкімет алдында ауыл шаруашылығын қолдау мәселесін көтеруді сұрады. Қызметкерлер ақжолдық кандидаттарға кездесу үшін алғыс айтып, қолдау білдірді.