«Аумақтарды кешенді дамыту стандарты» әдістемелік құралының тұсаукесері өтті
«Аумақтарды кешенді дамыту стандарты» әдістемелік құралының тұсаукесері өтті
14 наурызда Астанада «Аумақтарды кешенді дамыту стандарты» әдістемелік құралының тұсаукесері өтті. Қазақстан тұрғын үй компаниясының алаңында өңірлік әкімдіктердің, министрліктер мен басқармалардың өкілдері, сәулетшілер, урбанистер, оқу орындары мен ғылыми институттардың өкілдері, құрылыс компанияларының басшылары, әзірлеушілер мен көгалдандырушылар жиналды.
Тығыз және нүктелік құрылыс проблемалары, ескі тұрғын үйлерді жаңарту, қалалық көгалдандыру, қауіпсіз және жайлы аулалар мен көшелер – осы және басқа да көптеген мәселелерді шешу жолдары осы әдістемелік жинақта сипатталған.
Кітапты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ қолдауымен және ERG компаниясының қаржылық қолдауымен Q88 урбанистер қауымдастығы қазақ тілінде бейімдеп шығарды.
Компания қызметінің негізгі стратегиялық бағыттары:
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру;
ЖАО облигацияларын сатып алу арқылы тұрғын үй құрылысын қаржыландыру;
Жеке құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау;
ЕДБ халыққа беретін ипотекалық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;
Ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сатып алу;
Кейіннен сатып алумен жалға берілетін тұрғын үй беру.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек:
«Идеологиялық тұрғыдан алғанда, мұндай ашық стандарттарға көшу, жұртшылықтың назарына салып, әрбір тұрғынды, қалалық қоғамдастық көшбасшыларын тарту өте маңызды идеологиялық шешім болып табылады. Ол қазір Президент жүзеге асырып жатқан ашық Қазақстанның үлкен идеологиясымен толық үйлеседі".
Q88 урбанистер қауымдастығының негізгі міндеттерінің бірі – жайлы қалалық ортаны дамыту және тұрақты қалаларды дамыту саласында білім беру және кәсіби білімді арттыру.
Анықтама түрінде: аумақтарды кешенді дамыту стандарты – бұл салынған аумақтарды дамыту және жаңа аумақтарды игеру бойынша әдістемелік нұсқаулық. Қазіргі өмірде экономикалық тиімді пайдалану кезінде қаланың келбетін қалыптастыру және оның тарихи құрылысын сақтау бойынша ұсыныстар. Стандарт 6 кітап пен 4 каталогтан тұрады, олар тұрғын үй және көп функционалды құрылыс аумақтарын қалыптастыру және түрлендіру құралдарының кешенді базасын құрайды.