«Ақ жол» демократиялық партиясы парламенттік республикаға көшуді жақтайды
«Ақ жол» демократиялық партиясы парламенттік республикаға көшуді жақтайды
«Ақ жол» демократиялық партиясы Парламенттік республикаға көшуді жақтайды. Бұл туралы Алматыда өткен партия жақтастарының митингісінде Азат Перуашев мәлімдеді.
Біз Парламенттік Республиканы жақтаймыз. Бір адам, тіпті ең дарынды болса да, физикалық тұрғыдан сыртқы саясат пен макроэкономикадан бастап жылу жүйесіндегі апатқа дейінгі елдегі барлық мәселелерге дендей алмайды. Президент Тоқаевтың жылусыз қалған Рудный тұрғындарының жағдайымен танысып қайтқаны - оның адамгершілігі мен әр адамның тағдыры үшін жауапкершілігін көрсетеді. Дегенмен бұл жергілікті жердегі мәселелермен жергілікті билік айналысу керек деген қағиданы одан бетер бекіте түседі. Мұндағы бақылаушы функциясын сайлаушылардың өкілі болып табылатын маслихат секілді ұжымдық орган атқаруы қажет. Ал мұндай бақылау нәтижелі болуы үшін «тежеу мен тепе-теңдік жүйесі» деп аталатын атқарушы және өкілді билік тармақтары арасында баланс болуы шарт. Орталық деңгейде де солай - үкіметтің құзіреті парламенттің бақылау функцияларымен теңестірілуі керек. Сол кезде бұл жүйе жоғарыдан бұйрық күтпей проблемаларға дер кезінде назар аударып, олардың шешілуін реттеп, ағымдағы режимде жұмыс істейді. Бұл озық мемлекеттер әлдеқашан бір ізге салған парламентризм жүйесі, демократия негізінде де дәл сол жатыр - деп атап өтті «Ақ жол» партиясының төрағасы.
Азат Перуашев мемлекет басшысы 2022 жылдың 16 наурызында конституциялық реформаны жариялағанда, осы тежеу мен тепе-теңдік туралы айтқанын еске салды, ал 1 қыркүйектегі жолдауында Қ.Тоқаевтың «Конституциялық реформаның негізгі мазмұны парламентаризм институтын күшейту мен дамыту» екенін айтқан болатын. А.Перуашев «Тоқаев формуласы» деп атаған президенттің белгілі тіркесін тілге тиек етті: мықты президент - ықпалды парламент - есеп беретін үкімет.
Парламентаризм үлгісі болып еуропалық, кеңірек айтсақ, батыс саяси моделі, сондықтан «Ақ жол» партиясы дамудың еуропалық жолын, қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастағы еуропалық тәсілдерді, өмір сапасының еуропалық стандарттарын жақтайды.
«Ақ жол» демпартиясының лидері парламентаризмнің басты критериі ретінде үкіметті жасақтауды атады: оны сайлауда жеңіске жеткен партия жасақтауы керек. Сонда бұл партия өз Үкіметінің жетістіктері мен кемшіліктеріне де жауапты болады.
Бірде мен Ригаға ұшып келдім. Ол жерде таңертең құрылыс алаңында қайғылы оқиға болып, адамдар қаза тапқан. Тіпті түске дейін Рига мэрі қызметінен кетті. Құрылысшы болмаса да, құлаған қалыптарды орнатпаса да, құрылыс алаңындағы техникалық қадағалауға жауапты болмаса да. Бірақ ол қайғылы оқиға үшін саяси жауапкершілікті өз мойнына алды, азаматтарымен бірге екенін көрсетті. Түстен кейін Латвияның бүкіл үкіметі отставкаға кетті, өйткені әкім олардың билік партиясынан болды. Және олар өз әкімдері үшін жауапкершілікті бөлісті, халықпен бірге екендіктерін көрсетті, жаңа үкіметті басқа партия тағайындады. Бұл нағыз саяси мәдениет.
Өткен 30 жылда бізде қаншама дағдарыстар, девальвациялар, әкімдер мен министрлер арасындағы жемқорлық даулары болды – билік партиясы бірде-бір рет саяси жауапкершілікті мойнына алып, үкіметті таратып, билікті өзге партияға бермеген.
Үкіметті парламенттік партия жасақтап, халық алдында есеп беретін кезде саяси жауапкершілік пайда болады.
Яғни бұл ұлттық сенім үкіметі болмақ, «Ақ жол» партиясы осыған ұмтылуда - деп түйіндеді Азат Перуашев.