Respublica партиясының қатарына өтуге өтініш білдіргендердің саны 374 мыңнан асты

Respublica партиясының қатарына өтуге өтініш білдіргендердің саны 374 мыңнан асты

Respublica партиясының қатарына өтуге өтініш білдіргендердің саны 374 мыңнан асты
ашық дереккөзі
Қазақстанда үгіт-насихат кезеңі бірте-бірте өзінің соңғы кезеңіне жақындауда – қазіргі уақытта науқанның 23-ші күні өтіп жатыр. Жексенбідегі жағдай бойынша, жаңадан құрылған Respublica қатары бүкіл ел бойынша 374 000 адамнан асты. Осы уақытта да Respublica партиясы өзінің үгіт-насихат сапарын жалғастыруда. Партия мүшелері өздерінің ReBus маркалы автобусымен Қазақстан бойынша 30 000 шақырымнан астам жол жүріп өтті. Олар Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Қонаев, Тараз, Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Орал, Ақтөбе, Атырау, Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Екібастұз, Семей, Қарағанды, Өскемен қалаларын, сондай-ақ бірқатар ауылдық елді мекендерді аралап шықты. Жалпы, партия өкілдері еліміздің 18 өңіріне барып, тұрғындармен жан-жақты әңгімелесті. Алда Маңғыстау мен Ұлытау облыстары тұр. Бүгінге дейін сайлауалды тур аясында да, облыстық штабтар мен кандидаттардың өз бетінше ұйымдастыруымен де республика бойынша халықпен 7500-ден астам кездесу өткізілді. Әртүрлі санаттағы азаматтармен, соның ішінде кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, ШОБ өкілдерімен, мамандандырылған бірлестіктермен, спортшылармен, ғылыми қоғамдастықтармен, ақсақалдармен және жастармен кездесулер ұйымдастырылды. Еске салайық, партия мүшелерінің орташа жасы – 37. Бұл – жас аудиторияны қызықтыратын факторлардың бірі: барлық іс-шараларға қатысушылардың 70 пайызын жастар құрайды. Бұл ретте партия барлығымен кездесуге ашық. Сонымен қатар, 1 және 10 наурызда «Qazaqstan» және «КТК» телеарналарында тікелей эфирде көрсетілген саяси партиялардың сайлау алдындағы пікірталастары өтті. Олардың аясында партияның тең төрағалары Сырымбек Тау мен Динара Шүкіжанова жарыссөздерге қатысты. Телекөрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша Respublica жеті партияның арасында рейтингте екінші орынды иеленді. Бірінші жағдайда партияны көрермендердің 14,8 пайызы қолдаса, екіншісінде 15 пайызы дауыс берген. Сондай-ақ 11 наурызда Respublica партия тарихындағы алғашқы митингін өткізді. Ол әртүрлі санаттағы азаматтардың, 200-300-ге жуық адамның басын қосты. Митингке қатысқандардың дені – қазақ жастары. Жалпы, партия барлық дерлік қолда бар құралдар мен байланыс арналарын пайдалана отырып, ақпараттық жұмыс жүргізуде. Бұл теледидар, радио, сыртқы жарнама, ақпараттық порталдар, баспа өнімдерін тарату және, әрине, әлеуметтік желілер. Партияның жеке байланыс орталығы мен Telegram чатботы бар. Еске салайық, Respublica партиясының миссиясы – мемлекеттік басқару жүйесінде қазақстандық кәсіпкерлердің мүдделерін біріктіруге және ұсынуға арналған саяси күш құру. Партия бағдарламасы қазақстандықтардың өмірінің әртүрлі салаларындағы құрылымдық қайта жаңғыртуға бағытталған. Бірақ бірінші кезекте – кәсіпкерлерді қолдауға басымдық берілген. Партия қоғамның орта тапының негізін құрайтын ШОБ-ты дамытуды көздеп отыр.