«Байтақ» партиясының белсенділері Талдықорғандағы кітапхана ұжымымен кездесті

3 наурыз, 2023 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
«Байтақ» партиясының белсенділері Талдықорғандағы кітапхана ұжымымен кездесті «Байтақ» партиясының белсенділері Талдықорған қаласындағы орталықтандырылған кітапхана ұжымымен кездесті. Бүгін Мәжіліс депутаттығына үміткер Айнұр Сәбитовамен кездесуде сайлаушылар «Байтақ» жасылдар партиясының тың бастамаларын тыңдады.
«Сайлауалды бағдарламаның тұсаукесері өте нәтижелі және жылы шырайда өтті. Кітапхана жүйесінің қызметкерлері бізді толғандыратын сұрақтар қойды, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар шетін мәселелерді биік мінберде көтеруді сұрады. «Байтақ» жасылдар партиясы еліміздегі адами капиталды және кітапханаларда жұмыс істейтін қызметкерлерді қолдауда үлкен рөл атқарады. Осыған байланысты біз кітапхана қоры бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп, түйіні тарқамаған түйткілдерді жоғары деңгейде қозғайтын боламыз», - деді А. Сәбитова.
Талдықорғандықтардың айтуынша, елдің тұрақты дамуы мен адами капиталды дамыту тақырыбы көптің көңіліне қонды.