Жаңалықтар

«Байтақ» жасылдар партиясы «Есіктен есікке» акциясын өткізді

ашық дереккөзі

«Байтақ» жасылдар партиясы «Есіктен есікке» акциясын өткізді

25 ақпанда Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының «Есіктен есікке» акциясы өтті. Күленовка кентінде қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Айдос Әділбекұлының сенімді өкілі «Есіктен есікке» акциясының іргетасын қалады. Сенімді өкілдер тұрғындармен кездесіп, бағдарламаларын түсіндірді. Әңгімелесуге жастар, аға буын өкілдері, кәсіпкерлер мен қала еңбеккерлері қатысты. «Байтақ» партиясының мүшелері негізгі мақсаттары мен басымдықтары туралы әңгімелеп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.