Respublica-ның сайлауалды туры Атырауда жалғасты: партиялықтар асық ойнады

Respublica-ның сайлауалды туры Атырауда жалғасты: партиялықтар асық ойнады

Respublica-ның сайлауалды туры Атырауда жалғасты: партиялықтар асық ойнады
ашық дереккөзі
Бүгін Respublica партиясының өкілдері Атырауда сайлауалды турын өткізуде. Олардың қатарында ел бюджетінің негізгі донорлары болып саналатын Руслан Берденов, Қуаныш Шонбай, Қырмызы Жандосова, Динара Наумова, Екатерина Смолякова, Олжас Болатбекұлы және Бақытбек Хамит бар. Олар аймақта 1 200-ден астам азаматпен кездесулер өткізді. Respublica партиясының Атырауға сапары ерекше оқиғаға толы болды. Партиялықтар сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында халықпен бірқатар ауқымды кездесулер өткізсе, оған 1 200-ден астам адам қатысты. Атыраудағы сайлаушылармен алғашқы кездесуде Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау елдегі жастарды қолдаудың маңыздылығы тақырыбын көтерді. Ол барлық уақытта аға буын өкілдері жаңа, жас ұрпаққа моральдық-этикалық тұрғыдан көңілдері толмағанын айтты. Бірақ оның ойынша, жастар үшін ештеңе жасалмаса, мұндай сынның күмән тудыратыны анық.
«Бір кездері аталарымыз әкелерімізге: «Біздің жастарымыз бұзылды» деп айтқан. Ал кейінірек әкелеріміздің: «Ұрпағымыз жаман болып барады, тәрбие деген мүлде жоқ» деген сөздерін еститін болдық. Ал біздің міндетіміз – жастарымыз осындай сынға негіз болмас үшін жағдай жасау. Жастар үшін еш нәрсе жасамасақ, онда оларды бұзылды деуге хақымыз жоқ», – деді С.Тау.
Айта кету керек, Respublica партиясының мүшелері Қазақстан бойынша 30 000 шақырымнан астам жолды жүріп өтіп, науқанның 2 аптасында үгіт-насихат жұмыстарымен 1 миллион адамды қамтыды. Ең бастысы, партия мүшелері күн сайын азаматтардың мәселелерін саралап, ҚР Парламенті Мәжілісінде шешуді көздейді. Respublica партиясының тең төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Руслан Берденов өз сөзінде осыған назар аударды.
«Біз – іскер адамдармыз. Шетелге шығуға шамамыз жетеді. Материалдық байлығымыз да, яғни қажеттінің бәрі бізде бар. Бірақ ертең бізден: «Елің үшін не істедің?» деп сұрайды. Біз партия боламыз ба, жоқ па, ол маңызды емес. Алайда, ел игілігіне қызмет етуді жалғастыра береміз. Ал азаматтардың сан жыл бойы қордаланған проблемасын шешу үшін бізге жоғары көтерілу керек. Біздің мақсатымыз айқын және ашықпыз, біз Парламентке халықтың мәселесін айтып, шынайы ахуалды билікке жеткізу үшін барамыз. Біздің басты мақсатымыз – Мәжілісте біз сияқты ел қамын ойлайтын адал кәсіпкерлердің қатарын көбейту. Күресетін кез келді! Бірақ жұдырықпен емес, жүрекпен, біліммен және ақылмен күресіңіз. Бөлінетін емес, бірігетін уақыт келді, оны да ұмытпауымыз керек», – деді Р. Берденов.
Дәстүрге берік атыраулықтар Respublica партиясының мүшелерін қазақтың әйгілі ұлттық ойыны асық ойнауға шақырды. Сондай-ақ бүгін Respublica партиясының өкілдері  BRANDO  медициналық мақсаттағы бұйымдар шығаратын зауытта, бекіре балығын өсіретін  Caspian Royal Fish  зауытында кездесулер өткізіп, Ақсай этноауылында қала кәсіпкерлерімен түрлі мәселелерді талқылады. Жалпы, екі апталық тур аясында Respublica-лықтар Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Қонаев, Тараз, Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Орал, Ақтөбе қалаларын, сондай-ақ бірқатар ауылдық елді мекенді аралады. Осы уақытта партия қатарына қосылуға 130 мыңнан астам адам өтініш білдірген.