Respublica өкілдерінің халықпен кездесуіне мыңнан астам қостанайлық қатысты

Respublica өкілдерінің халықпен кездесуіне мыңнан астам қостанайлық қатысты

Respublica өкілдерінің халықпен кездесуіне мыңнан астам қостанайлық қатысты
ашық дереккөзі
Respublica партиясының турнесі Қостанай облысында жалғасып жатыр, мұнда Парламент сайлауы қарсаңында халықтың саяси белсенділігінің жоғары деңгейін атап өтуге болады. Осылайша, тек соңғы күндердің өзінде қоғамның барлық саласында күрделі реформалар жүргізу қажеттігін қолдап, партия қатарына 15 мыңнан астам адам қосылды. Ал Respublica өкілдерінің Қостанайдағы халықпен кездесуіне 1000-нан астам тұрғын қатысты. Қостанай облысын Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаровтың «еңбек аймағы» десек те болады. Мұнда ол соңғы алты жылдан бері тұрып жатыр әрі жұмыс істейді. А.Қожаназаров «Олжа Агро» ЖШС ірі агроөнеркәсіптік холдингін басқарып, мыңдаған қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етіп, экономикалық өсудің жаңа нүктелерін құруда. Ал бұл – бүгінде халыққа ең қажет нәрсенің бірі. Еліміздің басты астықты өңірі – Қостанай облысы тұрғындары әкімдер мен министрлерден гөрі Айдарбек Қожаназаровты қуана қарсы алды. Партияның облыстық штабына барар жолда оны серіктестерімен бірге диқандар алып барса, жергілікті тұрғындар өз басшыларының біріне құрмет көрсетуге шықты. Жалпы партия мүшелерімен кездесуге 1000-нан астам адам келді.
«Біріншіден, сіздердің белсенділіктеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Соңғы кездері бір ғана Қостанай облысында Respublica партиясының қатарына 15 мыңнан астам адам мүшелікке өткен. Бұл біздің партияға деген сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді. Бұл – біз үшін үлкен құндылық, біз сіздердің сенімдеріңізді ақтауға бар күш-жігерімізді саламыз», – деді А.Қожаназаров.
Қостанай облысының ауыл шаруашылығы облыс экономикасының екінші негізгі бағыты болып табылады. Өнеркәсіпте 119 мыңнан астам адам жұмыс істейді, бұл жалпы жұмыспен қамтылған халықтың 25%-дан астамын құрайды. Өңірде егіс көлемі 5,1 миллион гектардан асып, жүздеген шаруа қожалықтары ірілі-ұсақты мал өсіреді, сүт-тауарлы, тіпті құлпынай фермалары дамып, ондаған инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Осылайша, ауыл шаруашылығының әртүрлі салалары дәл осы жерде кеңінен ұсынылған.
«Қостанай облысы үшін ауыл шаруашылығы өте перспективалы сала болып табылады. Ал бүкіл ел аумағында ауыл шаруашылығы саласын дамыту біз сайлауалды бағдарламамызда ерекше назар аударып отырған шешуші факторға айналып отыр. Күшті агроөнеркәсіптік сектор азаматтардың жоғары орташа өмір сүру деңгейін қамтамасыз етумен, өнімді жұмыспен қамтудың өсуімен, өңдеу өнеркәсібінің және жоғары технологиялардың даму дәрежесімен тікелей байланысты. Сондықтан біз ауыл шаруашылығында озық технологияларды кең көлемде қолдануды, саланы қаржыландыру мәселелерін шешуді, субсидиялау саясатын қайта қарауды, жер мәселесін әділ шешуді, ауыл шаруашылығы мамандықтарының беделін көтеруді жақтаймыз. Сондай-ақ бірқатар жобаларды іске асыруға бастамашы боламыз. агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты басқа да ұсыныстарымыз бар», – деді А.Қожаназаров.
Қостанай облысына сапарының бірінші күнінде Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Respublica партиясының Қостанай облыстық филиалының жұмысымен де танысып, «Қазақстан картоп және көкөніс өсірушілер одағы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігінің басқарма төрағасы Қайрат Бисетаевпен кездесті. Партиялықтар Қостанай облысындағы екінші күнінде «Милх», «Баян-Сұлу» және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді. Respublica партиясының Қазақстандағы сайлауалды туры жалғасып жатқанын тағы да атап өтейік. Партия мүшелері Қазақстан Республикасының барлық аймақтарын аралап, қазақстандықтардың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылайды. Ал қазірдің өзінде ел бойынша 132 мыңнан астам азамат партия қатарына қосылуға өтініш білдірген.