Жаңалықтар

«Байтақ» жасылдар партиясы әділ сайлау өткізу жөніндегі меморандумға қол қойды

ашық дереккөзі

«Байтақ» жасылдар партиясы әділ сайлау өткізу жөніндегі меморандумға қол қойды

«Байтақ» жасылдар партиясы алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына қатысатын алты саяси партияның өкілдерімен бірге әділ сайлау өткізу жөніндегі меморандумға қол қойды. Құжатқа қол қоя отырып, партиялар тек қолданыстағы заңнама аясында әрекет етуге, сондай-ақ үгіт-насихат кезеңінде ашық бәсеке жүргізуге уағдаласты. «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртайдың айтуынша, саяси бәсекелестік пен көппартиялық жүйенің қалыптасуы әлеуметтік-экономикалық жағдайға оң әсерін тигізіп, тұрғындардың мәселелерін тез арада шешуге мүмкіндік береді.