Жаңалықтар

«AMANAT»: партияның «кедергісіз келешек» жобасы жалғаса бермек

ашық дереккөзі

«AMANAT»: партияның «кедергісіз келешек» жобасы жалғаса бермек

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабының өкілдері үгіт-насихат жүргізу мақсатында Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында мүмкіндігі шектеулі азаматтар және ардагерлермен жүздесті. Кездесуде алдымен штаб төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев сөз алып, «AMANAT» партиясының толық трансформациядан өтіп, бұл сайлауға үлкен жауапкершілікпен қатысып отырғанын айтты. Партия  Мәжіліс депутаттығына 7 азаматты кандидат ретінде ұсынып отыр. Оның 4-еуі партиялық тізімен, 3-еуі бірмандаттық жүйемен сайлауға түседі. Облыстық мәслихатқа бірмандаттық жүйемен 22 кандидат, партиялық тізіммен 41 кандидат ұсынылған. Аудандық, қалалық мәслихаттардағы депутаттық мандатқа 275 кандидат бірмандаттық жүйемен түспек. «AMANAT» партиясынан ұсынылып отырған кандидаттардың 75%-ы - жаңа тұлғалар. Олардың қатарында мұғалімдер, дәрігерлер, кәсіпкерлер, спортшылар, жастар ұйымдарының белсенділері секілді халықтың арасынан шыққан, қоғамның әртүрлі саласының өкілдері бар. Осы ретте партияның еліміздің түкпір-түкпірінде жүйелі жұмыс істейтін жалғыз саяси ұйым екенін айта кеткен жөн. Әрбір аудан, қалада партия филиалдары мен қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді. Сонымен бірге, «AMANAT» партиясы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға бағытталған «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын жүзеге асырып келе жатқанын, жобаның мақсаты – жеке білім беруді дамыту, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа тұруына жәрдем беру, олар үшін кедергісіз орта қалыптастыру екендігін мәлім етті.