Respublica сайлауалды турының жетінші күні: Шымкенттің 200 металлургімен кездесу

Respublica сайлауалды турының жетінші күні: Шымкенттің 200 металлургімен кездесу

Respublica сайлауалды турының жетінші күні: Шымкенттің 200 металлургімен кездесу
ашық дереккөзі
Respublica партиясының сайлауалды туры еліміздің оңтүстігінде жалғасуда. Сапарын Алматыдан бастаған партия кандидаттары Талдықорған, Қонаев, Тараз, Сарыөзек, Шымкент қалаларында болып, тұрғындармен кездеcіп, партияның идеялары, мақсаттары мен ұсыныстарын ортаға салды. Республика көлемінде өтіп жатқан шараларға партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, тең төрағалар Динара Шүкіжанова, Бейбіт Әлібеков, Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Қуаныш Шонбай, Максим Барышев, Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттар қатысуда. Бүгін – Respublica сайлауалды турының жетінші күні.  Шымкентте Respublica партиясының жетекшілері мен депутаттыққа кандидаттардың  Ferrum Vtor  ЖШС, «ЦветЛит» ЖШС және  ST temir  ЖШС металлургиялық кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесуінен басталды. Жиын барысында партия төрағасы, Мәжіліс депутаттығына кандидат Айдарбек Қожаназаров қоғам игілігі үшін еңбек ету нағыз патриотизмнің көрінісі екенін айтты.
«Respublica партиясының идеяларын шынайы патриоттарға, теледидар экрандары мен газеттерден патриоттық сезімдері туралы айғайлайтын адамдарға емес, күнделікті зауыттар мен фабрикаларда жұмыс істейтін нағыз патриоттарға ұсынғаныма өте қуаныштымын. Отаншылдығыңды жар салып көрсетпей-ақ, Отанға деген сүйіспеншілігіңді іспен дәлелдеу – Қазақстан халқының игілігі үшін еңбек ету деп білемін! Ал еліміздің нағыз патриоттары үшін әрбір шенеунік өзінің халқына қызмет ететінін сезініп, азаматтарымыздың тұрмысын жақсартуға барын салуы керек! Әсіресе, Respublica партиясының халықпен бірге болуы, халық жағында болуы, оның үніне айналуы маңызды», – деді А.Қожаназаров.
Өз кезегінде депутаттыққа кандидат Екатерина Смолякова да Respublica партиясының басты құндылығы  – халық екенін атап өтті.
«Басты құндылық – адами капитал. Біз инклюзивті қоғамды дамыту, тең мүмкіндіктер мен сапалы білімге тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ету, ұлт денсаулығын нығайту сияқты міндеттерге басымдық береміз. Елдің нағыз байлығы – халқы, адам капиталы, инвестиция ретінде қайтарылатын білікті жұмыс күші, экономиканың дамыған салалары, еліміздің экономикалық өсімі», – деді Е.Смолякова.
Respublica-шылдар өздерінің турнелерінің бір бөлігі ретінде тек сайлауалды бағдарламасын ұсынуды мақсат етіп қоймайды. Олардың басты міндеті – әр облыс пен қаланың проблемаларын жан-жақты талдау. Ал сайлау додасы біткенше қазақстандықтарға елдің болашағына ықпал ететін шешімдер мен бастамалардың барынша көп мүмкіндігін ұсыну. Айта кетерлігі, Respublica дәстүрлі үгіт-насихатпен ғана шектелмейді. Сондай-ақ өте ерекше прецеденттер де болып тұрады. Мәселен, Таразда партия жетекшілерімен кездесіп үлгермеген пікірлестер партия мүшелерімен бетпе-бет сөйлесу үшін кандидаттар мінген ReBus автобусын қуып жетіп, партияластармен кездесті. Партияның осыған дейін республикалық штабы мен 20 облыстық штабы ашылған. Енді сайлауалды бағдарламамен танысқысы келетін немесе өздерін толғандырған сауалдарына жауап алғысы келетін қазақстандықтардың кез келген уақытта штабтарға барып, кері байланыс алуға мүмкіндігі бар.