Ерлан Қошанов Маңғыстау облысында Амал мерекесіне қатысты
Ерлан Қошанов Маңғыстау облысында Амал мерекесіне қатысты
«Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің алаңында 10 мыңнан астам адам Амал мерекесін атап өтті.
«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов жиналғандарды мерекемен құттықтап, Амалға арнайы шақырғандары үшін ризашылығын білдірді.
«Амалды жаңарудың, жаңғырудың айы дейміз. Мемлекет басшысы былтырғы тарихи Жолдауын да дәл осы амал күндері жария еткен болатын. Ендеше, еліміздегі саяси жаңғыру мен оң өзгерістер сол қасиетті күннен бастау алды десек те болады. Биылғы амалдың да мәні зор. Біз тек қыстан ғана аман шықпадық, елдің ертеңі сынға түскен қыспақтан да аман шықтық», - деді Ерлан Қошанов.
Мерекеге орай 50-ге жуық киіз үй тігіліп, меймандарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Жиналғандар концерттік бағдарламадан бөлек, ат спорты ойындарын, балуандар күресін және басқа да ұлттық спорт түрлерін тамашалады.