Қазақстан Халық партиясы: білімді жастар – ел болашағы

3 наурыз, 2023 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Қазақстан Халық партиясы: білімді жастар – ел болашағы Қазақстан Халық партиясы «Қазақстан Инжиниринг» еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Мәжіліс депутаттығына кандидат, партияның Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрдәулет Оразханов жиналғандармен техникалық білім беру, отандық өндіруші саланы қолдау және дамыту мәселелерін талқылады.
«Бізге жұмыс істейтін зауыттар мен фабрикалар керек, ЭКСПО, ЛРТ секілді ауқымды және қымбат пайдасыз жобаларды өткізуге қарсымыз. Қазақстандық кәсіпкерлерге, шын мәнінде отандық өндірушілерге мемлекеттік қолдау қажет», - деп атап өтті партия мүшесі.
Халық партиясының пікірінше, отандық өндірісті дамыту – экономикалық, қауіпсіздік тұрғыдан стратегиялық маңызды қадам. Себебі, өнеркәсібі өркендеген мемлекет қана тәуелсіздіктің қадірін түсіне алады. Өз тарапынан «Қазақстан инжиниринг» қызметкерлері техникалық кадрлардың: инженерлердің, техниктердің, жұмысшы мамандардың тапшылығына шағымданды. Бірақ Халық партиясында бұл мәселенің шешімі бар. Партия орта-арнайы және жоғары білімді қазақстандықтар үшін тегін және қолжетімді етуді талап етіп отыр.
«Бұл қадам көптеген дамыған елдерде табысты жүзеге асырылуда.  Тегін және қолжетімді білім беру кадр тапшылығын шешіп қана қоймай, қоғамдағы әлеуметтік алшақтықты азайтуға мүмкіндік береді деп санаймыз», – деді Нұрдәулет Оразханов.
Сондықтан Халық партиясы мемлекет жастарға ауқымды қаражат салуы керек деп санайды. Бұл – қайтарымы бар инвестиция. Ал халық неғұрлым сауатты және білімді болса, ел соғұрлым жақсы өмір сүреді.