Көкшетауда ЖСДП партиясының өкілдері сайлаушылармен кездесті
    
        22 ақпан, 2023 /
        Равиль Ашығали
    
    
            
    
    
    
                                    Көкшетауда ЖСДП партиясының өкілдері сайлаушылармен кездесті
                        
                                    Мәжіліс депутаттығына ЖСДП-ның партиялық тізімі бойынша үміткер Мақсұт Насибулов пен бірмандаттық округ бойынша үміткер Валерий Смоквин Ақмола облысының сайлаушыларымен кездесті.
Үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасы мен денсаулық сақтау жүйесіндегі өткір мәселелерді талқылады.
Социал-демократтар халыққа медициналық қызмет көрсету сапасы, МӘМС жүйесін қайта қарау, тегін медициналық қызметтер тізбесін кеңейту мәселелерін көтерді. ЖСДП мүшелері бұл мәселелер заңдарға өзгерістер енгізу арқылы шешілу қажеттігіне де тоқталды.