Мәнерлеп сырғанаудан алтын ресейлік Елена Радионоваға бұйырды

Мәнерлеп сырғанаудан алтын ресейлік Елена Радионоваға бұйырды

Мәнерлеп сырғанаудан алтын ресейлік Елена Радионоваға бұйырды
ашық дереккөзі
Ресейлік спортшы Елена Радионова мәнерлеп сырғанаудан Универсиаданың алтын жүлдесіне қол жеткізді.  Ол кеше қысқа бағдарламада топ жарса, бүгін де Радионова еркін бағдарламада үздік нәтиже көрсетіп, екі сайыстың қорытындысы бойынша 197.24 ұпай жинап, Универсиаданың чемпионы атанды. Ал екінші орында жапониялық Рин Нитая жайғасты (187.18). Оның отандасы Хинано Исобе 174.27 ұпаймен үздік үштікті қорытындылады. Жарыстың фавориті саналған ресейлік Елизавета Туктамышева жүлделі орынға іліне алмай, төртінші орынды  місе тұтты. Қазақстандықтар арасында ең жоғары нәтижені Айза Момбекова көрсетті. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 131.94 ұпай жинап, кестеде 13-ші сатыда орналасты. 1. Елена Радионова (Ресей) – 196,61 (69,02 + 127,59) 2. Рин Нитая (Жапония) – 187,18 (61,90 + 125,28) 3. Хинано Исоби (Жапония) – 174,27 (56,78 + 117,49) 4.Елизавета Туктамышева (Ресей) – 171,68 (69,01 + 102,67) 5. Алена Леонова (Ресей) – 171,06 (54,69 + 116,37)