Алматы-Өскемен тас жолы: көлік апатынан 1 адам көз жұмды

Алматы-Өскемен тас жолы: көлік апатынан 1 адам көз жұмды

Алматы-Өскемен тас жолы: көлік апатынан 1 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Алматы-Өскемен тас жолында жол апатынан бір адам қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, оқиға 14 наурыз күні Жетісу облысы Кербұлақ ауданында Toyota Carina және JAC N80 автомашиналарының соқтығысуынан болған.
«Алдын ала анықталғандай, Toyota автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі Алматы-Өскемен трассасының 159 шақырымында жолды бөліп тұратын қоршауды соғып, инерция бойынша бір бағытта кетіп бара жатқан шағын литражды JAC жүк көлігімен соқтығысқан. Жапон иномаркасында болған 68 жастағы әйел қаза тапты», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ оқиға орнынан 70 жастағы ер адам мен 62 жастағы әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.