Медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы жақсарады
Медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы жақсарады
Петропавлда партиялық тізім бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Владимир Эрман көпсалалы балалар ауруханасының ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді.
Кездесу барысында AMANAT-тың өкілі партияның Сайлауалды бағдарламасы туралы әңгімелеп, әлеуметтік салаға қатысты бастамалар туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.
«Біз денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды кезең-кезеңімен ұлғайтуға қол жеткіземіз. Медицина қызметкерлерінің еңбегі лайықты бағалануға тиіс. Медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын, медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша нақты іс-қимыл жоспарын ұсынамыз. Партия денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің мемлекеттің қамқорлығына алынуын қамтамасыз етеді. Біз сіздердің мәртебеңізді заң жүзінде бекітеміз және жұмыс жағдайын жақсартамыз», - деп атап өтті Владимир Эрман.