Үмітіміз – Айза Момбекова

Үмітіміз – Айза Момбекова

Үмітіміз – Айза Момбекова
ашық дереккөзі
«Алматы Арена» мұз айдынында мәнерлеп сырғанаудан қыздар қысқа бағдарлама бойынша сайысқа түсті.   Үздік нәтижені ресейлік Елена Радионова көрсетті. Оның еншісінде 69,02 ұпай. Екінші сатыда оның отандасы Элизавета Туктамышева жайғасты (69,01 ұпай). Жапониялық Рин Нитая үздік үштікті қорытындылады (61,90 ұпай). Қазақстандықтар арасында ең жоғары нәтижені Айза Мамбекова көрсетті – 42,41 ұпай. Жарысқа қатысқан 30 спортшының жиырма төртеуі еркін бағдарламаға жолдама алды. Қазақстандық спортшылар Айза Мамбекова, Жансая Адыханова және Вероника Шевелева да іріктеуден сәтті өтті. Ал бүгін мәнерлеп сырғанау спортынан қазақстандық спортшы Жансая Адыханова еркін бағдарламада 59.72 ұпай жинады. Жансая еркін бағдарламасын аяқтап, жалпы екі сайыстың нәтижесінде 92.09 ұпай алды. Жансая жарысқа төртінші болып шықса, келесі  спортшымыз Айза Момбекова жарыс жолына 11-ші болып шықты. Еркін бағдарламасынан спортшы 89,53 ұпай жинады.
 Айта кетейік, кеше қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық спортшы қыз 42,41 ұпай алған. Айза екі сайыс қортынды бойынша 131,94 ұпаймен әзірше екінші орында.