Еліміздің телефон коды өзгеруі мүмкін

Еліміздің телефон коды өзгеруі мүмкін

Еліміздің телефон коды өзгеруі мүмкін
ашық дереккөзі
Қазақстанның телефон коды +77 болып өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Біздің қазіргі нөміріз +7 деп басталады. АҚШ-та болған кезде Халықаралық электр байланысы одағының басшысы Дорин-Мартинмен кездестім. Ол кісімен  осы мәселені тағы да талқыладық.  +997 нөміріне көшу қиын емес. Ол нөмірге рұқсат беріліп, резервке қойылған. Алайда, оның орнына +77 нөмірін қалдырса деген ұсынысты одақ басшысына жеткіздім. Бізге өзгерту туралы ұсынысты талқылауға уәде берді», - деді Бағдат Мусин.