Жаңалықтар

Эльжана Таниева халықаралық Гран-При жарысында жүлдегер атанды

ашық дереккөзі

Эльжана Таниева халықаралық Гран-При жарысында жүлдегер атанды

Көркем гимнастикадан Испанияның Марбелья қаласында өткен халықаралық Гран-При жарысында Эльжана Таниева үздік үштіктен көрінді деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақстандық спортшы доппен жаттығу сайысының финалында 32.900 балмен қола жүлдеге қол жеткізді. Ал алтын мен күміс медальды Болгарияның спортшылары Стиляна Николова (35.700) мен Ева Брезалиева (33.600) иеленді. Өзге жаттығу сайыстарында да Эльжана Таниева нәтижелі өнер көрсетіп, үздіктердің қатарына енді. Гимнастикалық шеңберде 6-орын, ұршық айналдыру сайысында 7-орыннан көрінді.