Сенбі, 10 Маусым, 2023

Ақтөбе облысында аудан орталығы су астында қалды

Ақтөбе облысы, Қобда ауданында қардың еруі салдарынан Қобда ауылында 15 үй, 28 аула аумағы, денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимараты, бір кафе су астында қалды деп хабарлады turkystan.kz.

6 мың м3-тан астам еріген қар суы сорылып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк» бағытындағы жол учаскесі уақытша жабылды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға 35 техника, 123 адам жұмылдырылды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы бойынша су басқан көшелер жоқ. Бақылауға алынған 4 учаскеде еріген қар суының түсуіне қарай мерзімді жұмыстар жүзеге асырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button