«Бетіне қайшы кірген»: 5 жасар қыздың жағдайы белгілі болды
«Бетіне қайшы кірген»: 5 жасар қыздың жағдайы белгілі болды
Қырғыз Республикасы, Ош қаласындағы облысаралық балалар ауруханасында бетіне қайшы кіріп кеткен 5 жасар қызға операция жасалды. Бұл туралы елдегі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазды turkystan.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, баланы Қара-Су ауданының тұрғындары алып келген. Ол жедел түрде отоларингология бөліміне жатқызылып, хирургиялық көмек көрсетілді.
5 жасар қыз үйінде үстелден құлап түскен кезде, қолында қайшы болған. Қайшы қыздың оң жақ бетіне 6-7 сантиметр кіріп кеткен.
«Абырой болғанда, ірі артериялар зақымданбады. Қазір оның жағдайы жақсы, ауруханадан шығуға дайындалып жатыр», - деді ведомстводан.