Жеңілмеген қазақстандық боксшы Әлімханұлымен жұдырықтаса ма?

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Әлімханұлымен жұдырықтаса ма?

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Әлімханұлымен жұдырықтаса ма?
ашық дереккөзі
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) жапониялық Кадзуто Такесакоға (15-0-1, 14 КО) қарсы дайындығы туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Такесако мен қазақстандық боксшы сәуір айында Оңтүстік Кореяда айқасады.
"Ұлттық құрамамен Алматыда жаттығып жатырмын. Қарсыласымның жекпе-жектерін көріп, зерттедім. Соған қарсы дайындықты бастадым. Бұл менің Кореяға алғаш сапарым болады", - деді ол.
Сонымен қатар ол Жәнібек Әлімханұлымен айқас туралы ойын айтты.
"Ондай жекпе-жек өтпейді деп ойлаймын. Қазақтар неге бір-бірімен айқасуы керек? Басқа да белбеулер бар, солар үшін айқасуға болады. Ал әзірге нақты бағыт жоқ, қандай мүмкіндік болады соны пайдаланамын. Кез келген ұсынысқа ашықпын", - деді Нұрсұлтанов.