Жаңалықтар

Шымкентте жүк көлігі қағып кеткен 11 жастағы қыздың жағдайы ауыр

ашық дереккөзі

Шымкентте жүк көлігі қағып кеткен 11 жастағы қыздың жағдайы ауыр

Шымкентте жүк көлігі қағып кеткен 11 жастағы қыз баланың жағдайы ауыр. Бұл туралы қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігері мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Алматы арнасына сілтеме жасап. Оның айтуынша, ауыр соққыдан жарақат алған жеткіншек есеңгіреп қалған. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, алғашқы көмек көрсетілсе де, әзірге жағдайы тұрақты емес. Ақ халаттылар науқастың әлі де ем қабылдауы қажет екенін айтады. Еске салайық, әлеуметтік желіде тарап жатқан жантүршігерлік оқиға 10 наурыз күні болған еді. «Келген кезде баланың жағдайы өте ауыр болды. Екі аяғының балтыр сүйектері сынған. Бас миының шайқалуының ауыр түрі тіркелді. Сонымен қатар бұлшық еттерінің езілу диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазір баланың жағдайы өте ауыр. Ауырлығы баланың жарақаттарына байланысты. Орталық жүйке жүйесіне зақым келген, есеңгіреп қалған», – деді Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының травматолог дәрігері Бағжан Тұрдықұлов.