Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы: Ең маңызды мәселе – жер мәселесі

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясы: Ең маңызды мәселе – жер мәселесі

«AMANAT» партиясының Павлодар облыстық сайлауалды штабының өкілдері Тереңкөл ауданыда үгіт-насихат кездесулерін өткізуде. ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер Вера Ким, облыстық мәслихат депутатына үміткер Жанбол Жилбаев, Гүлмира Нұрханова және аудандық мәслихат депутаттары Песчан мәдениет үйінде, «Комаров» ЖК-де және Тереңкөл мәдениет үйінде  сайлаушылармен кездесті. Сонымен қатар, тұрғындарды жеке мәселелер бойынша қабылдап, талап-тілектерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ауылдық жерлерде жасалатын мүмкіндіктер туралы баяндады. Яғни, елдің жүрегі ауыл болғандықтан, партия ауылды дамытуға, тұрғындарға жайлы жағдай жасауға, жастарды қолдауға айрықша назар аударып отыр. - Біздің партия құрамы 75 пайызға дейін жаңарып, биылғы сайлауға жаңа әрі жас үміткерлер қатысып жатыр. Үгіт-насихат науқаны басталғалы барлық қала, аудан және ауылдарды аралап, халықпен кездесудеміз. Мақсатымыз – халықпен кездесіп, мәселелерін билікке, үкіметке жеткізу. Негізі Железин және Шарбақты аудандарында тұрғындар көбінесе жайылым мәселесі көтеріледі. Сонымен қатар, маман тапшылығын да айтып жатыр. Осы сұрақтардың барлығы біздің бақылауымызда болады, - деді облыстық мәслихатқа үміткер Гүлмира Нұрханова. Тереңкөлдіктер тарапынан тұрғындарды дәрі-дірмекпен жеткілікті түрде қамту, Тереңкөл және Трофимовка ауылдарында жұмысшыларға арналған 2 пәтерлі тұрғын үйлер құрылысын көбейту, мүгедек жандардың құжатын мерзімсіз рәсімдеу, Береговое ауылында мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамту, Береговое ауыл клубын жөндеу секілді мәселелер көтерілді. ҚР Парламенті Мәжілісіне «AMANAT» партиясының атынан үміткер Нұржан Әшімбетов, облыстық мәслихатқа үміткер Серік Сәдуақасов, Арман Рахмашев бастаған үгіт-насихат делегациясы Екібастұз ауылдық аймағына барды. Онда  Құдайкөл, Қарасор, Құлакөл,  Сарықамыс ауылдарына және  Солнечный кентіне барып, тұрғындармен кездесіп, сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Бүгін «AMANAT» партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер Анатолий Бойчин, облыстық мәслихат депутатына үміткер Ертарғын Шахман бастаған үгіт-насихат тобы Железин ауданына барды. Алғашқы кездесу Железин ауылындағы «Пахарь» ЖШС-де болып, тұрғындармен және жұмысшылармен пікірлесіп, партияның сайлауалды бағдаламасымен таныстырды. -«AMANAT» партиясы өкілдері үгіт-насихат жұмысы басталғаннан бері халықпен кездесіп, олардың талап-тілектерін жинап келеміз. Сіздердің берген ұсыныс-тілектеріңіз арқылы ауқымды жол картасы жасалып, сол бойынша жұмыс істейтін боламыз. Ауылға қатысты айтсақ, аграрлық саланы субсидиялау жүйесін түбегейлі жақсартамыз. Біздің алдымызда нәтижеге бағдарланған субсидиялаудың заңнамалық деңгейде тұрақты, болжамды деңгейін қамтамасыз ету міндеті тұр., - деді Ертарғын Шахман. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ауылдағы медицина мамандарының жеткіліксіздігі және басқа да мәселелер көтерілді. Аманаттықтар тұрғындардың барлық талап-тілектері партияның сайлауалды бағдарламасына енгізілетінін және бақылауда болатынын атап өтті.