Фируза Шәріпова Таразда титулдық жекпе-жек өткізеді

Үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шәріпова Малави чемпионы Рут Чисейлге қарсы WBC Silver титулы үшін жекпе-жек өткізеді. Кездесу 20 мамырда Фирузаның туған қаласы Таразда болады деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Жеңімпаз абсолютті әлем чемпионы титулы үшін Кэти Тейлормен жұдырықтасады.
Рут Чисейл Малави чемпионы және әйел боксшылар арасында әлемдік рейтингіде көшбасшылардың бірі. 14 рет айқас өткізіп, оның 12-інде жеңіске жеткен. Ол 7 жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған, соңғы рет 26 желтоқсанда өткен айқаста да нокаутпен жеңген.
Чемпионға арналған пәтер!
Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!