Еліміздегі кедейлер саны басым өңірлер белгілі болды

Еліміздегі кедейлер саны басым өңірлер белгілі болды

Еліміздегі кедейлер саны басым өңірлер белгілі болды
ашық дереккөзі
Өткен жылдың соңында Қазақстанда 986,5 мың адамның табысы кедейлік шегінен төмен болған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. 2022 жылдың IV тоқсанында елімізде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни кедейлік шегінен де төмен халық саны 986 587 адамға жетті. Бұл жалпы халықтың 5%-ын құрайды. Кедейлік деңгейі жоғары өңірлер (бағалау деректері): - Түркістан (8,5%) облысы, - Маңғыстау (8,1%) облысы. Кедейлік деңгейі төмен өңірлер: - Астана қаласы (2,1%), - Ұлытау облысы (2,2%) «Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылғы IV тоқсанының қорытындысы бойынша 8,9%-ды құрады. Бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жоғары», - делінген статистика мәліметінде. Айта кетейік, 2022 жылғы IV тоқсанда жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы айына 45 623 теңгені құрады.