Депутаттыққа үміткерлердің халықпен кездесуі қалай өтіп жатыр?
Депутаттыққа үміткерлердің халықпен кездесуі қалай өтіп жатыр?
Парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа үміткерлер сайлаушылармен белсенді қарым-қатынас жасап, олардың проблемалары мен тілектерін тыңдап келеді.
Осындай диалогтардың бірі Павлодардағы «Жайлау» ауыл шаруашылығы нарығында өтті. Онда «AMANAT» партиясынан Павлодар облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Айдар Құрымбаев, сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Санира Жүсіпова сатушылармен және сатып алушылармен сөйлесті.