Үміткерлер Ұлытау облысында ұстаздармен жүздесті

Үміткерлер Ұлытау облысында ұстаздармен жүздесті

Үміткерлер Ұлытау облысында ұстаздармен жүздесті
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясының Ұлытау облыстық филиалынан барлық деңгейдегі депутаттыққа кандидаттар кезекті үгіт-насихат жұмыстарын №3 орта мектептің мәжіліс залында өткізді. Филиал төрағасы, сайлауалды штаб жетекшісі, облыстық мәслихатына кандидат Бауыржан Шыңғысов бастап барған кандидаттардан құралған топтың құрамында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына  кандидат Аманжол Әлтай, бір мандаттық сайлау округтері бойынша кандидат Ерболат Сатыбалдин,  мәслихат депутаттығына кандидат Нұргүл Талғатбекова, бір мандаттық сайлау округтері бойынша сайланатын кандидаттар Светлана Жумкина, Олжас Сауқымов, Жезқазған қалалық мәслихатына бір мандаттық сайлау округтері бойынша кандидат Қанат Мусин және Нұрболат Сұлықбаев болды. Бауыржан Қабденұлы жиында алғы сөз сөйлеп, партияның ел игілігі жолында атқарған жұмыстарына, алдағы уақытта партияның сайлауалды бағдарламасына сүйеніп атқарар жұмыстарына, «Ұлытау» облысының кешенді жоспарына, өңіріміз үшін орын алатын жағымды жаңалықтарға кеңірек тоқталды. Сөз кезегін алған Аманжол Дүйсенбайұлы білім саласында болып жатқан оң өзгерістер, жаңашылдықтар жөнінде қозғады. Жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы тағы көбейгенін, алдағы кезеңде  салынатын заманауи мектептер мен балабақшалар саны артатынын айта кетті.
Педагог мәртебесін көтеруге арналған жұмыстарды әлі де жалғасады. Мұғалімдердің алаңсыз жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалады. Олар өз міндеттеріне жатпайтын жұмыстың бәрінен босатылады. «Ұстаз» атты ардақтыс ұғым жоғары мәртебе мен биік парасаттың синониміне айналады. Сондай-ақ, құр бос уәделер бере беретін заманның көші кетті, енді нақты істерге көшетін боламыз, - деп ол.
Жиын барысында киелі мамандық иелері тарапынан қойылған сауалдар мен ұсыныстарға рет-ретімен толыққанды жауаптар берілді, кандидаттар айтылған ұсыныстарды жазып, оларды шешудің жолдарын міндетті түрде қарастыратындарын жеткізді. Светлана Серікбайқызы мектептердегі және басқа да мекемелердегі техникалық қызметкерлердің, есепшілердің, психологтардың жалақысы көңіл көншітпейді, соның бір шешімі бола ма екен деген ұсынысқа жауап қатты. С.Жумкинаның бұл мәселе талқыланып, көтерілді деген жауабына А.Әлтай да қосылып, алдағы сайлауда Мәжілістен мандат бұйырып жатса, бұл мәселені міндетті түрде шешімін табатындай тағы көтеретінін айтты.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.