Белгілі кәсіпкер өзінің қалашығын салады
13 наурыз, 2023 /
Зердебек Темір
Белгілі кәсіпкер өзінің қалашығын салады
Әлемге белгілі кәсіпкер әрі жер бетіндегі ең бай адам Илон Маск өзінің қалашығын салады. Маскпен байланысы бар мекеме Техас әкімшілігінен 3000 акр* болатын жерді сатып алған.
БАҚ-тың жазуынша, кәсіпкер өзінің қалашығын соғуы мүмкін. Қалашық Масктың өндіріс аймағына жақын Остин қаласына жақын орналасатын болады. Бұл жерде кәсіпкердің Bornig CO., Tesla және Spacex компаниялары орналасқан. Құрылыстың мақсаты – компания қызметкерлерін ең озық үлгідегі үйлермен қамтамасыз ету, ондағы баға нарықтан әлдеқайда арзан болады.
*акр. 1 акр - 4046,8564224 кв метр.