Жаңалықтар

Еліміздің саяси өмірі үшін батыл шешімдер жасалды – Геннадий Шиповских

ашық дереккөзі

Еліміздің саяси өмірі үшін батыл шешімдер жасалды – Геннадий Шиповских

Парламент сенатының депутаты Геннадий Шиповских елімізде бір жыл көлемінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы аясында болған саяси маңызды оқиғалар туралы айтты. «Бір жыл бұрын Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы шықты. Онда үлкен саяси трансформацияның тетіктерін байқадық. Еліміздің саяси өмірі үшін батыл шешімдер жасалды.  Қазір солардың біз нақты нәтижелерін көрудеміз. Біріншіден, елімізде жалпыхалықтық референдум өтті. Республикамыздың басты заңды құндылығы, Конституция өзгерді. Екіншіден, Қазақстанда жаңадан үш облыс ашылды.Үшіншіден, елімізде Президенттің сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Ал шетелдік және өзіміздің тәуелсіз бақылаушылар және сарапшылар сайлаудың оң бағасын берді. Төртіншіден, ҚР Парламент сенатының сайлауы өтті. Сенат депутаттарының көбісі сайлаудан кейін жаңарды. Оның ішінде 10 Сенатор Президенттің Жарлығы бойынша тағайындалды.  10 адамның ішіндегі 5 адам бұл Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан тағайындалған депутаттар. Айта кетейік, бұрын Парламент мәжілісінде Қазақстан халқы Ассамблеясына байланысты 9 депутатқа арналған квота болатын, өткен Референдум аясында бұл квота 9 адамнан 5 адамға қысқарып, Парламент сенатына ауыстырылды. Бұл – Ассамблеяның беделінің одан сайын өскені. Өйткені Парламенттің төменгі палатасынан жоғарғы палатасына квота ауысып отыр. Яғни, Президент Қазақстан халқы Ассамблеясына одан сайын сенім артып отыр. Себебі, Ассамблея еліміздің қоғамдық, этносаралық және конфессияаралық келісімнің басты драйвері. Жолдаудың аясында іске асып жатқан игі істердің куәсі болатынымызға сенемін. Барлығын іске асыру үшін, қоғам болып бірге атсалысуымыз қажет. Мемлекет басшысы айтқандай: Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір» деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.