Салмағы 230 келі қой еліміздің рекордтар кітабына енді (ВИДЕО)

Салмағы 230 келі қой еліміздің рекордтар кітабына енді (ВИДЕО)

Салмағы 230 келі қой еліміздің рекордтар кітабына енді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бұл туралы Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
«Еліміздің КИнЭС рекордтар кітабына Миллион атты қошқарым тіркелейін деп жатыр. Елордадан арнайы маман келді. Таразының дұрыстығы тексерілді. Ет-май өнімділігі бағытындағы тұқымды тіркесек, бұл ТМД елдері мен бүкіл әлем бойынша үлкен жетістік», - деді шаруа қожалық иесі Қуаныш Мықтыбаев.
КИнЭС Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов қошқар иесіне рекордтар кітабы атынан арнайы сертификат табыстады.
«Мұндай қойды көрген емеспіз. Әлем рекордына тән көрсеткіштердің бірі. Қазақстан рекордтар кітабы атынан сертификат Қуаныш Мықтыбаевқа тапсырылады. Ет-май өнімділігі бағытындағы қошқардың салмағы 230 кг екенін растайды. Бұл еліміздегі ең ірі салмақты қой ретінде тіркелді. Қошқардың лақап аты – Миллион. Жасы 4-те», - деді Қуандық Құдайбергенов.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Куаныш Мыктыбаев (@kuanysh_myktybaev_official)