Динара Сәдуақасова Астана шахмат федерациясының президенті болып сайланды

Динара Сәдуақасова Астана шахмат федерациясының президенті болып сайланды

Динара Сәдуақасова Астана шахмат федерациясының президенті болып сайланды
ашық дереккөзі

Бұл туралы ол Facebook желісінде жазды деп хабарлады turkystan.kz.

"Бүгін сіздермен жақсы жаңалықпен бөліспекшімін. Астана шахмат федерациясының құрметті президенті болып сайландым. Астана қалалық федерация президенті Абзал Сағымбаевтың ұсынысымен федерация құрылтайшылары мен атқару комитетінің қызметкерлері бірауыздан қолдады" деп жазды Сәдуақасова.

Ол ФИДЕ спорт комиссиясында тәжірибесі бар ЮНИСЕФ-тің ізгі елшісі ретінде өз білімі мен энергиясын шахматтың көркеюіне барынша жұмсайтынын айтты.