Алматылықтар UFC-де жеңіске жеткен Шавкат Рахмоновты күтіп алды

Алматылықтар UFC-де жеңіске жеткен Шавкат Рахмоновты күтіп алды

Алматылықтар UFC-де жеңіске жеткен Шавкат Рахмоновты күтіп алды
ашық дереккөзі

Бүгін, 13 наурызда алматылықтар кезекті жекпе-жегінен оралған Шавкат Рахмоновты әндетіп қарсы алды деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Әуежайда бір топ адам жиналып, "кімді тосып тұрсыздар" деген сұраққа: "Біз чемпионды күтіп тұрмыз" - деп жауап берді.

"Қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет! Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Мені осылай қарсы алып жатқаны қуантады. Өз еліме, өз жеріме келгеніме қуаныштымын. Отанымды сағындым. DAR Team командасы, бапкерлер мен барлық қазақ халқына қолдау үшін алғыс айтқым келеді", - дейді спортшы.