Алматыдан 903 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Алматыдан 903 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы аумағында жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады деп жазады turkystan.kz.
Табиғи апат Алматы уақытымен бүгін түнгі сағат 00:25-те тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 903 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.
"Энергетикалық санаты – 10.7. MPV тербелісі – 5,1. Тереңдігі – 15 шақырым. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ", - делінген хабарламада.