Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы халықтың ұсыныс-пікірін орындауға мүдделі

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясы халықтың ұсыныс-пікірін орындауға мүдделі

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Павлодар қаласындағы сауда үйлерінің бірінің жанында сайлаушылардың ұсыныс-пікірін қабылдады. Мұндағы тұрғындарды жұмыспен қамту, тұрғын үй тұрғызу, жол жөндеу және өзге де өзекті мәселелер толғандырып отыр.

Мәселен, 2027 жылға қарай Павлодар облысында кемінде 65 мың жұмыс орнын құру, ШОБ кәсіпорындарының санын 65 мың бірлікке дейін ұлғайту жоспарлануда.

Бұған қоса алдағы бес жылда облыста 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй (шамамен 15 мың пәтер) салынады, 7 мектеп тұрғызылып, кемінде 100 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі. Ауылдық елді мекендерде 30 жаңа медициналық нысан, ал тікелей облыс орталығында 2 консультативтік-диагностикалық орталық пайда болады.

Біздің партия халыққа ең жақын жүрген ұйым. Осы электоралды кезеңде ең көп сайлаушылармен кездескен біздің кандидаттар. Яғни,басқа партиялардан қарағанда елдің мұң-мұқтажын, талап-тілегін жақсы білеміз. Мәселен, 100 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізу, 30 медициналық нысан салу деген жоспарлар ойдан құрастырылған жоқ. Барлығы елдің ішіндегі мәселеге құлақ асып, халықтың ұсыныс-тілегін тыңдағаннан кейін жасалған жоспар, - деді облыстық мәслихат депутатына үміткер Муслим Махмудов.

Айта кетейік, мұндай ұсыныс-пікірлер тұрақты түрде қабылданады. Бүгінде облыс аумағында осындай 322 кездесу өткізіліп, сайлаушылардың 1200-ге жуық ұсыныс-пікірі жиналды.