Рыбакина АҚШ-тағы беделді турнирдің үшінші айналымына шықты
Рыбакина АҚШ-тағы беделді турнирдің үшінші айналымына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің оныншы ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңіне өтті деп хабарлады turkystan.kz Bassport.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандық спортшы әлемдік рейтингте 170-орында тұрған 2020 жылғы Аустралия ашық біріншілігінің чемпионы, америкалық София Кенинмен кездесті.
Екі сағатқа созылған матчта Рыбакина қарсыласынан 7:6 (8:6), 7:6 (7:5) есебімен басым түсті.
Үшінші айналымда испаниялықтар Паула Бадоса мен Парризас Диастың бірі Еленаға қарсылас атанбақ.